
Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыруда тиімді тәсілдерді ұсыну, іс-тәжірибелерімен бөлісу мақсатында «Бастауыш сыныпта білім сапасын арттырудағы өзекті мәселелер» тақырыбында вебинар өтті. Жұмыс барысында Қаратал және Іле аудандары білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталықтарының бастауыш сыныптарға жауапты әдіскерлері Қ.Салахова, Г.Тұрманбетова бастауыш сынып мұғалімдерінің ассоциация мүшелерімен бірлесіп тақырып аясында жүргізген жұмыстарымен ой бөлісті. Аталған шараға 100 педагог қамтылды.