
2021 жылдың 19 ақпанында «Шағын» ассоциациясының жылдық жоспарына сәйкес «Кіріктірілген сынып үшін ҚМЖ тиімді жоспарлаудың жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өтті. Іс-шараға барысында облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының бөлім басшысы Ж.Дихамбаева ШЖМ біріккен сыныптарына қысқа мерзімді сабақ жоспарларын құрастыру бойынша әдістемелік ұсынымдармен таныстырды. Кеген ауданы Түменбай бастауыш мектебінің мұғалімі Б.Асылова кіріктірілген 3,4 сыныптарға жаратылыстану пәнінен панорамалық сабақ көрсетсе, Ақсу ауданы, М.Әуезов атындағы негізгі орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Р.Барысова мен Кеген ауданы, Ақсай орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ұ.Арыстанова кіріктірілген сыныптарда сабақ жүргізуде қолданатын тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісті.
Вебинарға кіріктірілген сыныптары бар ШЖМ мұғалімдері, «ШАҒЫН» ассоциациясы мүшелері және ШЖМ жауапты аудандық/қалалық әдістемелік орталығы әдіскерлері қатысты.