
Жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсету және тәжірибе алмасу мақсатында 19 ақпанда орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері ассоциациясының Шеберлер мектебі жұмыс жоспарына сәйкес «Орыс тілі мен әдебиеті пәндерін оқытудағы фасилитация» тақырыбында вебинар өтті. Вебинарда Еңбекшіқазақ ауданы, К. Орымбетов атындағы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі А.Борбасова мен Қ.Сәтпаев атындағы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Д.Амарова өз тәжірибелерін ұсынды. Іс-шара соңында орталық әдіскері А.Торпакова авторлық бағдарламаны әзерлеу ерекшеліктерін түсіндіріп өтті. Вебинарға 100 жас педагог және пән мұғалімдер қатысты.