«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін...» облыстық онлайн конференциясы

«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін...»  облыстық онлайн конференциясы

Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік  орталығының техникалық және кәсіптік  бөлімі  18 ақпанда   «Мұқағали мұрасын насихаттау арқылы жастардың бойына  ұлттық құндылықтарды дарыту» мақсатында  90 жылдық мерейтойына арналған  «МЕН ӨМІРДІ ЖЫРЛАУ ҮШІН КЕЛГЕНМІН» атты облыстық онлайн конференциясын ұйымдастырды. Конференция жұмысына Мұқағали Мақатаев атындағы  әдеби-мемориалды музейінің меңгерушісі  Ахметов Ерлік Мұхамеджанұлы  «Бір өлеңі бір елдің мұрасындай» деп  мұражайда сақталған экспонаттарды және оның ішкі, сыртқы көрінісін  таныстырса,  Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетінің орыс тілі және әдебиет кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымының докторы, профессор Абишева Сауле Джунусовна "Я есть в этом мире" деген тақырыпта орыс тіліне аударылған шығармаларын және ғылыми еңбектері туралы  баяндады. Ал,  Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын  Ерғазы Манапұлы  ақын  шығармаларының рухани байлығын, өскелең ұрпақ арасында жыл сайын ұйымдастрылатын  жыр мүшайрасының ерекшелігін кеңінен насихаттады. Конференция соңында Бастөбе сервистік-техникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Аутова Аймен Бауыржанқызы «Мұқағали,  менімен  егіз бе едің?»  арнауын оқыды. Конференцияға 100 инженер-педагог қатысты.