
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері 2021 жылдың 15 ақпанында «2020-2021 оқу жылында 9 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау алгоритмі» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Орталық әдіскерлері емтихан жұмыстарының материалдарын әзірлеушілер мен сарапшыларға әр пән бойынша қорытынды аттестаттауға арналған спецификациямен таныстырып, емтихан материалдарын әзірлеу талаптары мен дайындау алгоритмі түсіндірді. Қатысушылар тарапынан қойылған өзекті сұрақтарға жауап берді.