
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім бөлімі 12 ақпанда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясымен бірлесіп, жалпы білім беретін пән оқытушыларына «Авторлық бағдарламалар мен әдістемелік кешендерді құрастыру ерекшеліктері» тақырыбында облыстық вебинар өткізді.
Іс-шарада Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының бас ғалым хатшысы Сейдина Молдир Зикировна сараптамалық кеңес ережесіне сәйкес педагогтердің инновациялық-педагогикалық тәжірибесін сараптамадан өткізудің қадамдарын көрсетті. Вебинарға 100 педагог қатысты.