
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік бөлімі «Қашықтықтан оқыту: цифрлық білім беру ресурстарының мүмкіндіктері» тақырыбында республикалық іс-тәжірибе алмасу вебинарын өткізді. Вебинарда Томск Ұлттық зерттеу политехникалық университетінің техника ғылымдарының кандидаты А.Фадеев цифрлық технологияларды қолдану ерекшелігі туралы өз тәжірибесін ортаға салды. Текелі кәсіптік колледжінің мамандары қашықтықтан оқу жағдайында Platonus платформасы, LearningApps.org сервисі, Jamboord интерактивті тақтасы арқылы цифрлық білім беру ресурстарының мүмкіндіктерін көрсетті. Шараға 100 инженер-педагог қатысты.