Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтар мен қылмыстық әрекеттердің алдын алу

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтар мен қылмыстық әрекеттердің алдын алу

Білім басқармасы 2021 жылдың 10 ақпанында кәмелетке толмағандар мен  кәмелетке толмағандарға қатысты құқықбұзушылықтар, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу мақсатында «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтар мен қылмыстық әрекеттердің алдын алу»  онлайн семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңеске облыстық прокуратура, полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы, аумақтық әйелдерді қолдау орталығы, аудан, қала білім бөлімдерінің мамандары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ата-аналар қауымдастығы қатысты.

Шара барысында кәмелетке толмағандар арасында орын алған құқықбұзушылық, жыныстық тиіспеушілік мәселелері кеңінен талқыланып, олардың орын алу себептері бойынша аудан, қала мамандарының есептері тыңдалды.

Басқарма тарапынан «Оқушылар мен ата-аналардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру бойынша 2021-2022 жылдарға арналған» іс-шаралар жоспары негізінде облыстық прокуратура, полиция департаменті, білім, денсаулық сақтау, жастар саясаты басқармаларының қатысуымен аудан, қалаларда ата-аналар мен оқушыларға жаппай құқықтық оқыту жұмыстарын өткізу және әр аудан, қалада бұл шараның ұйымдастырылуы жөнінде ұсыныс берілді.