«Мектепке дейінгі ұйымдардағы инновациялық ізденістер мен тәжірибелер» Республикалық онлайн-семинар туралы ПРЕСС-РЕЛИЗ

«Мектепке дейінгі ұйымдардағы инновациялық ізденістер мен тәжірибелер» Республикалық  онлайн-семинар туралы ПРЕСС-РЕЛИЗ

2021 жылдың 05 ақпанында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мен Алматы облысының білім басқармасының облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы бірлескен «Инновациялық жоба» жобасы аясында  «Мектепке дейінгі ұйымдардағы инновациялық ізденістер мен тәжірибелер» тақырыбында республикалық онлайн-семинар  өтті.

Семинар мақсаты  инновациялық әдістемелік орталықтар арқылы мектепке дейінгі ұйымдарына білім беру технологияларын енгізу, педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, әдістемелік қолдау көрсету.

Семинар жұмысына «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұны бөлімінің басшысы Ерманова Мария Наятқызы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің деканы, п.ғ.д., профессор Жиенбаева Сайра Нағашыбайқызы, НЗМ ДББҰ «Білім беру бағдарламалар орталығы» мектепке дейінгі бастауышта білім беру бөлімінің басшысы Қажығалиева Жанат Башаринқызы және ЖОО ғалымдары,  мектепке дейінгі, мектеп жанындағы шағын орталықтардан 700 педагог қатысты.

Іс шара барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамытудың басым бағыттары, мектепке дейінгі ұйымдарға ғылыми-педагогикалық бағыттағы маман даярлаудың қазіргі мәселелері және мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған мектеп жасына дейінгі балаларды тілге бойлау бағдарламасы туралы сөз қозғап, ой бөлісті.

Семинар жұмысы тәжірибелік алаңда жалғасып, республиканың мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері инновациялық технологияларды іс-тәжірибеге енгізудегі өз нәтижелерін ортаға салды.