
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылдың 03 ақпанында PISA тапсырмаларының мазмұнымен таныстыру, оларды құрастыру әдістерін меңгерту, іс-тәжірибеде қолдану жолдарын ұсыну мақсатында «PISA тапсырмаларын құрастыру жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өткізді.
Аталған шарада облыс үйлестіруші А.Мамырбаева оқушыларға арналған халықаралық зерттеулер туралы ақпарат берсе, облыстық әдістемелік орталағы әдіскері Е.Қуанғалиев оқушылардың функционалдық сауаттылғын арттыруда тиімді оқыту мен оқудың белсенді әдістері туралы таныстырылым жасады. Ескелді ауданы, Қарабұлақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі А.Калиолданова оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру жолдарын, Талдықорған қ. №14 ОМГ математика пәні мұғалімі, білім мазмұнын жаңарту аясында «Математика» пәні бойынша облыс тренері Нурпеисова Қуаныш Тыныштықбаевна мен Қарасай ауданы әл-Фараби атындағы ДБАГ биология пәні мұғалімі Сарсенбаева Урхия Жамаладиновна математикалық, жаратылыстану сауаттылығын арттыруға бағытталған тапсырмаларды құрастыру, іс-тәжірибеде қолдану жолдарын көрсетіп, тәжірибелерін таратты.
Алматы облысының мектеп-интернаттарының 30 педагогы қатысты.