
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім бөлімі жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында колледж оқытушыларына курстан кейінгі қолдау көрсету мақсатында педагогикалық қауымдастығының жұмыс жоспарына сәйкес отырыс өткізді.
Күн тәртібінде қауымдастықтың 2020 жылғы жұмыс қорытындысы мен 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту, жаңартылған білім беру мазмұны аясында ТжКБ оқытушыларының педагогикалық қауымдастығының жұмысын жетілдіру, сонымен қатар, авторлық бағдарламалар, әдістемелік кешендерді құрастыру бойынша мәселелер қарастырды. Отырысқа білім беру мазмұнын жаңарту аясында жалпы білім беру пәндерінің аймақтық тренерлері, әдіскерлер, пән оқытушылары қатысты.