«Қашықтан оқытуда сандық ресурстардың мүмкіндіктері» облыстық іс-тәжірибе алмасу вебинары

«Қашықтан оқытуда сандық ресурстардың мүмкіндіктері»  облыстық іс-тәжірибе алмасу  вебинары

Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік  бөлімі 2021 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың  01  ақпанында қашықтықтан оқыту жағдайында педагогтерді әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Қашықтан оқытуда сандық ресурстардың мүмкіндіктері» атты облыстық іс-тәжірибе алмасу  вебинар  өткізді.

Вебинарда  Талғар медициналық колледжінің информатика пәні оқытушысы Умбетжанова Индира Турсыновна  және Алматы облысының қызмет көрсету және  тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі арнайы пәндер оқытушысы Рамазан Құндыз Кенжебекқызы  ұялы  телефон арқылы бейнесабақтарды түсіру және «XRecorder» бағдарламасының мүмкіндіктері бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Вебинарға 100 инженер-педагог қатысты.