Арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту мүмкіндіктері

Арнайы пәндерді  ағылшын тілінде оқыту мүмкіндіктері

Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік бөлімі «Жалын» үздік педагогтер ассоциациясының жұмыс жоспарына сәйкес  ағымдағы жылдың 28 қаңтарында «Арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық  іс-тәжірибе алмасу вебинарын өткізді.

Вебинарда ассоциация мүшелері:  Талдықорған жоғары политехникалық  колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Ә.Тойшыбекова, Алматы облысының қызмет көрсету және  тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжінің өндірістік оқыту шебері А.Кабдулина  сабақта  ағылшын тілін қолдануда  түрлі бағдарламалардың мүмкіндіктерін тапсырмалар арқылы ұсынса,  Жамбыл ауданы Т. Рысқұлов   атындағы және Қарасу орта мектебінің оқытушылары: Қ.Ақылова, Қ.Тлеуханова химия, биология сабақтарында теориялық мәліметтерді практикалық тұрғыда ұсынудың жолдарын QR код бағдарламалары арқылы көрсетті.