«Мейірімділік жасауға асығыңыз» атты республикалық балалар суреттерінің конкурсы

«Мейірімділік жасауға асығыңыз» атты республикалық балалар суреттерінің конкурсы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 14-22 қаңтары аралығында «Мейірімділік жасауға асығыңыз» атты республикалық балалар суреттерінің конкурсы өткізілді.

Сурет байқауы екі топ бойынша өткізілді:

1 топ- 6және 13 жас аралығында;

2 топ- 14 және 17 жас аралығында.

Аудан, қалаларда өткізілген аймақтық сурет байқауының жеңімпаздарының жұмыстары облыстық білім басқармасына (80 жұмыс) өткізілді.

Байқаудың облыстық іріктеу кезеңінен  үздік деп танылған 11 сурет  Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне жолданды.

Сонымен қатар, облыстық байқаудан орын алған оқушылар (5-үздік, 5-1 орын, 7-2 орын, 7-3 орын және 10-номинация) марапатталды.