Тәрбиенің өзекті мәселелері

Тәрбиенің өзекті мәселелері

Ағымдағы жылдың 14 қаңтарында  білім басқармасының  тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен «Тәрбиенің өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық онлайн семинар-кеңес өткізілді.

Семинарға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің мамандары, директордың тәрбие ісі  жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары, әлеуметтік-педагогтар қатысты. Семинар-кеңесте  облыс бойынша тәрбие жұмысына талдау жасалып, кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік жағдайлардың, құқықбұзушылықтың, келеңсіз, оқыс жағдайлардың орын алу себептері мен алдын алу мәселелері кеңінен талқыланып, пікір алмасты.

Кәмелетке толмағандар арасында орын алған құқықбұзушылық, суицид,  келеңсіз жағдайлардың орын алу себептері бойынша аудан, қала мамандарының есептері тыңдалды.

Басқарма тарапынан тәрбие саласындағы жұмысты күшейту, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін тарта отырып, ата-аналар, оқушылармен жаппай құқықтық оқыту өткізу және әр аудан, қалада айына екі рет басқарманың қатысуымен тәрбие саласына байланысты онлайн семинар-кеңес өткізу ұсынысы берілді.