VI «Айбын-2020» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны

VI «Айбын-2020» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны

2020 жылғы 11 желтоқсан күні Талдықорған қаласы ZOOM платформасында Ғылыми-тәжірибелік орталығы Алматы облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментімен бірлесе отырып онлайн форматта өткен «Айбын-2020» VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының марапаттау рәсімін өткізді. Іс-шараға Алматы облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Т.Ж. Даулетханов, Алматы облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, мектептен тыс және интернаттық мекемелер бөлімінің басшысы Г.М.Елубаева қатысып бағалы сыйлықтарды табыстады.

Атап айтсақ, Нұр-Сұлтан қаласында Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Айбын-2020» VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты жабылу рәсімінде Талдықорған қаласы К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп «Жетісу тарландары» әскери-патриоттық клубының тәлімгерлері, даярлаған жетекшілері жүлделі жалпы командалық есепте 3 орынды иеленген.