
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім бөлімі «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу мен оқытуды ұйымдастырудың өзекті мәселелері» тақырыбында биология пәні оқытушыларына арналған облыстық вебинар ұйымдастырды.
Вебинарда облыстық әл-Фараби атындағы ДБАГ оқытушысы Сарсенбаева Урхия Жамаладиновна, Жаркент жоғары гуманитарлы-техникалық колледжінің оқытушысы Шешенханова Алия Мамановна, Талдықорған агротехникалық колледжінің оқытушысы Ибрайымов Жалғасбек Мухтарович биология пәні бойынша PISA тапсырмаларын құрастыру және сабақта қолдану жолдары көрсетілді.