
2020 жылғы 8 желтоқсанда Білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен студенттерге психологиялық қолдау көрсету, әлеуметтік дизадаптацияның пайда болуының алдын алу іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында «Құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы әлеуметтік бақылау және психологиялық қауіпсіздік» тақырыбында колледж директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, психологтары, педагогтары және ата-аналарына арналған іс-тәжірибе алмасу облыстық онлайн вебинары өтті.
Вебинар жұмысына С.Демирель университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Жұмағали Алмас Қабдымәжитұлы, Талдықорған қаласы полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Жанысбеков Бейбіт Мұратұлы қатысып, қылмыс жасаудың алдын алу шаралары туралы іс-тәжірибелерімен бөлісіп, ұсыныстар берді.