1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған салтанатты марапаттау іс-шарасы

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған   салтанатты марапаттау іс-шарасы

2020 жылдың 30 қараша күні Тұңғыш Президент күніне орай ғылыми-тәжірбиелік орталығы оқушылар сарайымен бірлесе отырып, ZOOM платформасында рухани мәдениетін қалыптастыру мақсатында білім беру ұйымдарының арасында  «Елорда тарихындағы ежелгі Бозок қалашығы», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» және «Еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу мен сақтаудағы ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының рөлі» тақырыптары бойынша ұйымдастырылған Республикалық эссе, бейнероликтер байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Білім және Ғылым Министрлігінің атынан жеңімпаз атанған педагогтарға адамгершілік-идеологиялық тәрбиелеуге өз үлесін қосқаны үшін алғыс білдіруді және марапаттау рәсімі облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, мектептен тыс - интернаттық мекемелер бөлімінің басшысы Елубаева Гүлжан Мұхамажанқызына берілді. Салтанатты онлайн жиын соңында оқушылар сарайының «Melody kids» вокалдық студиясының орындауында ән шашу ұсынылды.