
2020 жылдың 27 қарашада Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығының ұйымдастыруымен Bilim Media Group компаниясының Алматы облысы бойынша маманы С.Нұрмұханбет және DarynOnline директоры А. Қалықұловамен бірлесіп "Онлайн сервистерде дербес деректерді қорғау" тақырыбында онлайн вебинар өткізді.
Вебинардың мақсаты-аккаунттарды шабуылдардан қорғауды күшейту, ZOOM платформасында, OnlineMektep және DarynOnline платформаларындағы сабақтарды қалай қауіпсіздендіру керектігін түсіндіру.
Вебинарға жалпы білім беру мекемелерінің педагогтері мен аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты.