
Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде білімі мен талантының арқасында табысқа жеткен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үздік студенттері мен жұмысшы біліктілігін насихаттау, талантты жастарды қолдау мақсатында «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП 100 студенті» байқауы онлайн режимде өткізілді.
Байқаудың ішкі кезеңі 2020 жылғы 5-15 қыркүйек аралығында колледждерде, аймақтық кезеңі 16-30 қыркүйек аралығында облыстық кезеңі өткізіліп, республикалық байқауға облыстың техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінен 30 студент қатысып, оның 9-ы республикалық кезеңде жеңімпаз атанды.
Талдықорған агро-техникалық колледжінің әкімшілігі байқау жеңімпаздарымен (Даулет Назерке, Болат Назерке, Айт Әсел - 3 студент) әлеуметтік серіктестіктер «Жетысу» телеканалының директоры С.Сарыбайды, Талдықорған өнірлік ветеринариялық зертхана директоры М.Мейрбековты және «KOKSU S&M COMPANY» ЖШС директоры Б.Арқабаевты шақырып, онлайн кездесу ұйымдастырды.
Әлеуметтік серіктестіктер жеңімпаздарға жұмыс орындарына жолдама береді және колледжден әр жеңімпазға 14 мың теңгеден сыйақы берілді.
Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде байқау жеңімпаздарымен (Тлеубай Диас, Наби Диас - 2 студент) әлеуметтік серіктестіктер «IT SUPPORT GROUP» компаниясының директоры А.Белимовпен және «Didakt-KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Г.Адамбаевалармен онлайн кездесу ұйымдастырылды, олар студенттерге 50 мыңнан сыйақы берді және жұмысқа қабылдайтындықтарын айтты.
Алматы экономикалық колледжінің әкімшілігі байқау жеңімпазы Шайық Меруертті «Кондитер» маманы ретінде жұмыспен қамтамасыз ету туралы «Royal Tulip Almaty» қонақ үйіне ұсыныс хат жіберді.
Сонымен қатар, жеңімпазға 45 мың теңге сыйақы берілді.
Сарқан политехникалық колледжінің студенті, байқау жеңімпазы Черноусова Евгения Сарқан қаласындағы «Бек» мейрамханасына жұмысқа орналастырылады және колледж әкімшілігі 30 мың теңге сыйлық берді.
Талғар политехникалық колледжінің студенті байқау жеңімпазы Мишинева Кристина Талғар ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, колледж әкімшілігі 30 мың теңге сыйақы берді. Талғар қалалық газетіне ол туралы мақала жарияланды.
«Zhansugurov College» колледжі студенті, байқау жеңімпазы
Тұмабай Гүлжанға І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті ректорының алғыс хаты және 30 мың теңге ақшалай сыйақы табысталды.