
«Техникалық және кәсіптік білімнің мәртебесін көтеру, білім алушылар мен жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын қолдау, жұмыс дағдысы мен тәсілдерін жаңғырту және Ұлттық чемпионатқа қатысатын үміткерлерді анықтау» мақсатында Алматы облысының білім басқармасы 2020 жылдың 18-26 қараша аралығында «WorldSkillsTaldykorgan» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатын Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің базасында онлайн режимде «Желілік және жүйелік әкімшілендіру», «Бизнес үшін ІТ шешім», «Web технологиялар», «Графикалық дизайн», «Прототиптеу», «Интернет заттар», «Ақпараттық кабелдік желілер», «Видеомонтаж», «Элекроника», «Инженерлік графика Cad» және «Мобилді робототехника», «Кірпіш қалау», «Плитамен жұмыс жасау», «Малярды және декоративті жұмыстар» және «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» компетенциялары бойынша және желтоқсан айында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің колледжінің базасында онлайн режимде «Мектепке дейінгі білім беру», «Бастауыш мектепке білім беру» және «Дене тәрбиесі және спорт» компетенциялары бойынша өткізіледі.
Биылғы жылы чемпионатты 33 компетенциямен өткізу жоспарланған. Алайда, елдегі індетке байланысты аймақтық чемпионат 18 компетенция бойынша қашықтықтан ұйымдастырылуды.
Аймақтық чемпионатқа облыстағы 15 колледжден 99 білім алушы қатысуда.
Білім алушылардың кәсіби шеберлігін бағалау үшін сарапшылар «Жетісу автоматтандырылған орталық» және «Шымыр» жаупкершілігі шектеулі серіктестігінің, «Қазақтелеком» компаниясының, «Ote onai» оқу орталығының, «Future ІТ» мектебінің, «Идея» дизайнерлік орталығының, Педагогикалық шебер орталығының және «Синема» компаниясының мамандары тартылды.