
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетімен бірлесіп химия пәні мұғалімдеріне «Химия сабағында сандық есептерді шығару жолдары» тақырыбында вебинар өткізді.Мақсаты: химия пәнінен сандық есептерді шығару әдістемесі бойынша тәжірибе алмасу, әдістемелік сүйемелдеу.
Аталған шарада І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің жаратылыстану кафедрасының жаратылыстану ғылымдары магистрі Құрманғажы Гүлнархан өз іс-тәжірибесінен сандық есептер шығарудың тиімді жолдарын көрсетті. Вебинарға 100 педагог қатысты.