Қашықтықтан оқыту барысында отбасындағы ата-аналардың рөлі

Қашықтықтан оқыту барысында отбасындағы ата-аналардың рөлі

2020 жылғы 25 қарашада Білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы беріктігін нығайту мақсатында «Қашықтықтан оқыту барысында отбасындағы ата-аналардың рөлі» тақырыбында колледж психологтары мен ата-аналарға арналған іс-тәжірибе алмасу бойынша облыстық онлайн вебинары өтті.

Вебинар жұмысына Алматы облыстық медициналық әлеуметтік және психотерапия орталығының маманы Сұлтанбаев Дидар Ізбасарұлы қатысып, отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі туралы іс-тәжірибесімен  бөлісіп, ұсыныстар берді.