
Нұр-Сұлтан қаласында Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Айбын-2020» VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты жабылу рәсімі өтті.
Аталған іс-шараға қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев, ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, білім және ғылым вице министрі Шолпан Каринова, жеке сынақта және «Үздік Жас сарбаз» аталымында үздік командалар капитандары, жиынның жеңімпаздары қатысты. Алматы облысының «Жетісу Тарландары» әскери-патриоттық клубы ІІІ орынға ие болды.