Облыстық тағылым алаңы

Облыстық тағылым алаңы

2020 жылдың 24 қараша  күні ғылыми-тәжірибелік орталықтың ұйымдастыруымен дене шынықтыру саласындағы жас мамандардың кәсіби білімі мен дағдыларын қалыптастыруға әдістемелік қолдау көрсету мақсатында облыстық тағылымдық алаңы өткізілді.

Тағылымдық алаңдаНазарбаев зияткерлік мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Б.Ахметов, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты» «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы  Е.Стамбеков  өз тәжірибелерімен  бөлісті.

Вебинарға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің дене шынықтыру саласына жауапты әдіскерлері және дене шынықтыру пәнінің жас мамандары қатысты.