
ITEd командасы Ғылыми тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 20 қарашасында Талдықорған қаласының мұғалімдеріне арналған білім беру жобасын жүзеге асырудың бірінші кезеңінің тыңдаушыларына ресми түрде марапаттау рәсімін өткізді. Қаламыздың жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері жобалық тапсырманы сәтті қорғап, «Білім беру цифрлық технологиялары оқу процесінің сапасы мен тиімділігін арттыру әдісі ретінде» қашықтықтан курсын аяқтады.