
Жас ұрпақтың жоғары рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, отбасының рөлі мен маңыздылығын арттыру мақсатында «Бақыт отбасынан басталады» атты жаңа республикалық бейне интернет-байқауы өтті. Байқауға қатысқан Алматы облысының отбасылары жүлделі орындар иегерлері атанды.
Аталған бойқаудың 1 орын иегері көпбалалы Айнабековтар отбасы (Талдықорған қаласындағы № 9 орта мектеп), 2 орын иегерлері Булат Айзеректің отбасы (Талғар аудандағы №31 орта мектеп) және Тевахунова Гүлназдың отбасы (Еңбекшіқазақ ауданындағы М. Мақатаев орта мектебі).
Сонымен қатар, Еңбекшіқазақ ауданынан Садыковтар отбасы «Менің отбасым кітаптар әлемінде», Сыбантаевтар отбасы «Менің отбасымның ән ұраны, таңбасы, салт-дәстүрлері және реликвиялары», Мырзағалым Аңсардың отбасы, Карабалаева Анитаның отбасы «Менің отбасым-еріктілердің тату отбасы», Талғар ауданынан Рақымбаевтар отбасы «Менің отбасым-еріктілердің тату отбасы», Іле ауданынан Мурадовтар, Айнабековтар отбасы «Біздің отбасымызда барлығы шебер», Абдуллаев Рамиль «Менің отбасым кітаптар әлемінде», Арқалықұлы Парасат «Менің отбасымның ән ұраны, таңбасы, салт-дәстүрлері және реликвиялары» номинацияларымен марапатталды.
Басқарма тарапынан өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиеге, салт-дәстүрге, ынтымаққа, татулыққа тәрбиелеп отырған отбасыларына үлкен алғысымызды білдіре отырып, оқушыларымыз Егеменді Тәуелсіз еліміздің туын биік ұстар азаматтары болатынына сенеміз.