
2020 жылғы 17 қарашасында ғылыми-тәжірибелік орталығы Алматы облысының Білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығымен бірлесіп Ұлттық бірыңғай деректер базасын (ҰБДҚ) толтыру бойынша вебинар өткізді.
Вебинарда электрондық оқытуды енгізу және білім беру сапасын бағалау бөлімінің басшысы ҰБДҚ-ға деректерді енгізу ерекшеліктері туралы айтып, педагогтердің сұрақтарына жауап берді. Вебинарға қосымша білім беру мекемелерінің директорлары қатысты.