
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «О, великий, могучий…» орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің ассоциация каникулдық мектебі аясында " Орыс тілі мен әдебиеті пәндерін интеграциялау арқылы оқу сауаттылығын дамыту " тақырыбында вебинар өткізді. Вебинарда орталық әдіскері А.Торпакова тіл мен әдебиетті кіріктірудің теориялық негіздері мен ерекшеліктерін түсіндірді. Кербұлақ ауданы Көксу ОМ орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі К.Исраилова кіріктірілген тапсырмаларды құрастыру бойынша мысалдар келтіріп, практикалық жұмыс жүргізді. Іс-шараға 100 педагог қатысты.