
Алматы қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» педагогтерімен бірлесіп, онлайн-ресурстарды қолдану, тәрбие жұмысында жобаларды іске асыру мақсатында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері мен сынып жетекшілеріне «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқу-тәрбие жұмысының негізгі ерекшеліктері» тақырыбында вебинар ұйымдастырды. Аталған шараға 300 педагог қатысты.