
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы химия пәні ассоциациясының каникулдық мектебі «Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында вебинар өткізді. Аталған шарада Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейінің химия пәні мұғалімі С.Әмір мен Ескелді ауданы Балпық би атындағы орта мектебінің химия пәні мұғалімі А.Исабеков PISA тапсырмаларын орындаудың жолдарын ұсынды. Вебинарға 76 педагог қатысты.