
2020 жылдың 11 қарашасында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы облыстық арнайы мектеп-интернаттар педагогтарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Жалпы тіл кемістігі бар оқушылармен жүргізілетін жұмыс ерекшелігі» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинарда, Сарқан қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының педагог-дефектологы, логопеді Иманбаева Эльмира Ильясовна жалпы тіл кемістігі бар оқушылармен жүргізілетін жұмыс ерекшелігі туралы шебер-класс өткізсе, Ақсу ауданы №6 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің педагог-логопеді Баяхметова Молдир Кадылгазиевна жалпы тіл кемістігінің II деңгейі бар балалармен жүргізілетін түзету жұмыстары туралы таныстырылым көрсетті.