"Үздік қашықтықтан оқыту сабағы" сырттай облыстық байқауы

"Үздік қашықтықтан оқыту сабағы" сырттай облыстық байқауы

Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығының 2020 жылғы жоспарына сәйкес 22 қазан – 11 қараша аралығында жалпы білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне арналған «Үздік қашықтықтан оқыту сабағы» сырттай облыстық байқауы ұйымдастырылып 6 қарашаға дейін жұмыстар қабылданды. 11 қараша күні Жетысу университетінің математика және информатика кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі С.Т.Еренғайыпов, Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №20 лицейінің электрондық оқыту бойынша директордың орынбасары С.А.Карсаковтың қатысуымен байқаудың нәтижелері шығарылды.

Байқаудың нәтижесі:

1 орын иегері:  Қаратал ауданы, Лермонтов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Ж.М.Акишева

2 орын иегерлері: Еңбекшіқазақ ауданы, М.Ломоносов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Г.Т.Бопилова

Қаратал ауданы, Р.Қошқарбаев атындағы орта мектебінің математика пәні оқытушысы Е.В.Щадрина

3 орын иегерлері: Іле ауданы, №20 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Қ.Найманғазы

Балқаш ауданы, Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясының физика пәні оқытушысы Ж.Д.Алимбаева

Қаратал ауданы, Р.Қошқарбаев атындағы орта мектебінің информатика пәні оқытушысы А.Қ.Серубай

«Шығармашыл мұғалім» номинациясының жеңімпазы: Балқаш ауданы, Бақанас мектеп-интернатының ағылшын тілі пәні оқытушысы А.Р.Ерлан

«Шебер мұғалім» номинациясының жеңімпазы: Көксу ауданы, М.Құрманов атындағы №2 орта мектебінің биология пәні оқытушысы Н.Е.Ерболат