
2020 жылдың 5-6 қараша күндері аралығында ғылыми-тәжірибелік орталығы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігін «2020-2023 жылдарға арналған каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастырып Ақсу ауданы білім мекемелері арасында «Шахмат стратегиясы» тақырыбында Қазақстан Республикасының атақты шахматшысы Даулетова Гүлмира Бекзатовнамен онлайн кездесу өткізілді. Кездесуге Ғ.Мұратбаев, Мамания, Қ.Терібаев, М.Мәметова атындағы орта мектептің дене шынықтыру пән мұғалімдері 5-10 сынып оқушылары арасында ZOOM платформасы арқылы, жалпы алғанда 148 бала қатысты.Сондай-ақ оқушылар Гүлмира Бекзатқызының ютуб каналында жарияланған онлайн шахмат мектебі курсынын бір сабағына қатысып шахмат ойынымен танысты. Шахмат ойыны туралы жалпы мәлімет алып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Келешекте осы онлайн шахмат мектебі курсының сабақтарына қатысып шахмат әлеміне қызығушылықтары бар екенін білдірді. Кездесу барысында оқушылар Қазақстан Республикасының басқада атақты шахматшылары бар екенін біліп, танысты. Болашақ осы оқушылардан да атақты спортшы шығатынына сенеміз.