
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім бөлімі «Қашықтықтан оқытуды тиімді ұйымдастырудағы негізгі басымдықтар» тақырыбында республикалық «Үздік педагог» конкурсының грант иегерлерімен облыстық іс-тәжірибе алмасу вебинарын өткізді. Вебинарда ТжКББ оқытушылары Үздік педагогтермен бірлесіп, кәсіби құзыреттілікті жетілдірудің, білім сапасын арттырудың мүмкіндіктерін талқылады.