
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім бөлімі 2020 жылдың 5 қарашасында «WorldSkills» қозғалысы-білікті педагогтарды қалыптастырудың негізі» тақырыбында облыстық іс-тәжірибе алмасу вебинарын ұйымдастырды. ТжКББ оқытушылары Ұлттық чемпионаттың бас эксперттерімен бірлесіп аталған іс-шарада «Бастауыш білім беру», «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандықтары бойынша «WorldSkills» қозғалысы мүмкіндіктерін талқылады.