Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған онлайн – кеңес

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған онлайн – кеңес

2020 жылғы 29 қазанда білім басқармасы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған денсаулық сақтау, білім және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мекемелердің басшылары мен медициналық қызметкерлердің  қатысуымен  онлайн – кеңес өткізді.

Шара аясында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда коронавирустық инфекцияның әкелуі мен таралауына жол бермеу, балалардың қауапсіздігін қамтамасыз ету туралы Алматы облысының тауарлары мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауапсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Б.Қанағатова, білім басқармасының қорғаншы және қамқоршы бөлімінің басшысы А.Молотова білім, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау мекемелерімен балалардың құқықтарын қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары бойынша түсінік берді.

Сонымен қатар, Алматы облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының есебі тыңдалды.

Іс-шара барысында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері талқыланды.