«WorldSkills» – құзыреттілік пен кәсіпқойлықты дамытудың негізі

«WorldSkills» – құзыреттілік пен кәсіпқойлықты дамытудың негізі

Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім бөлімі мен Талдықорған жоғары политехникалық колледжімен бірлесе отырып, «WorldSkills» – құзыреттілік пен кәсіпқойлықты дамытудың негізі» атты өңіраралық   іс-тәжірибе алмасу вебинарын ұйымдастырды. Вебинарда  Шығыс Қазақстан және Алматы облысының 200 инженер-педагогі «Ақпараттық жүйелер», «Радиоэлектроника және байланыс», «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандықтары бойынша  құзыреттілікті  дамытудың  жаңа мүмкіндіктерін  талқылады.