«Дойбыдан» облыстық онлайн жарысы

«Дойбыдан» облыстық онлайн жарысы

Алматы облысының ғылыми-тәжірибелік орталығы 22 қазан күні  iggamecenter.com сайтының дойбы тақтасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының  білім алушылары (ұлдар, қыздар) арасында «Дойбыдан» облыстық онлайн жарысын өткізді. Жарысқа 80-ге жуық оқушылар қатысты. Жарыстың нәтижесі бойынша білім алушылар төмендегідей орындарға ие болды:

Ұлдар арасында:

1-орын Мавлен Нурбол (Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі);

2-орын Оразбек Ғазиз (Жаркент жоғарғы гуманитарлық – техникалық колледжі);

3-орын Антипов Вадим (Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжі) және Ынталы Иманғали (Талдықорған агро-техникалық колледжі).

Қыздар арасында:

1-орын Сұлтан Анар (Жаркент жоғарғы гуманитарлық – техникалық колледжі);

2-орын Нұралы Ақбота (Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі);

3-орын Болатбайқызы Үміт (Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі) және Касабулатова Камшат (Талдықорған агро-техникалық колледжі).

Жеңіс тұғырынан көрінген жас спортшылар мен оқытушыларды шын жүректен құттықтаймыз.