2020 жылдың 21-27 қыркүйек күндері аралығында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған Республикалық Х жазғы гимназиадасының бағдарламасында 2005 жылы туған және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында киокушинкайкан каратэ жарысына Қарасай ауданы Абай Құнанбаев, Қ.Сәтпаев, С.Керімбеков атындағы жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары: 1 - орынға ие болғандар: Жұмарқанұлы Нұрдаулет, Айдосұлы Асылан және 2-орын иегерлері Орынбасар Дінмухамед, Тілеуқабылова Амина. Ғылыми-тәжірибелік орталығының бұқаралық спорт бөлімінің жетекшісі Мәлік Күмісбекұлы Мұқаев пен Қарасай аудандық білім бөлімінің әдіскері Сеиілханов Ерлан Бейсенгалиевич жүлдегерлерді дипломдармен және медальдармен марапаттады.