
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы а.ж. 16 қазанында «Python программасының қолдану ерекшеліктері» тақырыбында оқыту вебинарын өткізді. Аталған шарада Қарғалы №2 ДБАГ информатика пәні мұғалімі Бакиев Бахыт Кенжебаевич пен Ескелді ауданы Қаратал ОМ информатика пәні мұғалімі Михов Кирил Иванович информатика пәні мұғалімдеріне 9-10 сыныптарда Python тілінде программалау және қолдану бойынша оқыту жүргізді. Барлығы 85 педагог қамтылды.