"Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау" мәселелері бойынша онлайн – кеңес

"Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау" мәселелері бойынша онлайн – кеңес

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүддеделін қорғау мәселелері бойынша аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары мен қорғаншы және қамқоршы функцияларын жүзеге асыратын органдардың қатысуымен  2020 жылғы 15 қазанда онлайн – кеңес өтті.

Шара аясында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық тәрбиеге орналастыру, білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдаған адамдар ұсынатын арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы айтылды.

Сонымен қатар, кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша жұмыс сапасын арттыру тақырыбында Алматы облысының №1 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Нусипова Жанна Дүйсенхановнаға сөз берілді.

Іс-шара барысында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері талқыланды.