
Алматы облысының ғылыми-тәжірибелік орталығы 12 қазан күні iggamecenter.com сайтының шахмат алаңында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары (ұлдар, қыздар) арасында «Шахматтан» облыстық онлайн жарысы өткізілді. Жарысқа 30-ға жуық оқушылар қатысты. Жарыстың нәтижесі бойынша колледж білім алушылары төмендегідей орындарға ие болды:
Ұлдар арасында:
1-орын Кулсеитов Төлеген-Талдықорған агро-техникалық колледжі;
2-орын Байбақ Бақдәулет-Талғар агробизнес және менеджмент колледжі;
3-орын Ынталы Иманғали- Талдықорған агро-техникалық колледжі және Шағиахметұлы Олжас-Талдықорған гуманитарлық – техникалық колледжі.
Қыздара арасында:
1-орын Гамм Кристина-Талғар агробизнес және менеджмент колледжі;
2-орын Бақытқали Мөлдір-Жаркент жоғары гуманитарлық –техникалық колледжі;
3-орын Илиясова Дария-Талғар агробизнес және менеджмент колледжі және Ермұрат Айкерім –Талдықорған гуманитарлық – техникалық колледжі.
Жеңіс тұғырынан көрінген жас спортшылар мен мұғалімдерді шын жүректен құттықтаймыз.