Қашықтықтан оқыту жағдайында қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру жолдары

Қашықтықтан  оқыту  жағдайында қалыптастырушы  бағалауды жүзеге асыру жолдары

Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Ғ.Дихамбаев «Қашықтықтан  оқыту  жағдайында қалыптастырушы  бағалауды жүзеге асыру жолдары» тақырыбында география пәні ассоциациясы, аудандық/ қалалық оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері және әдістемелік бірлестік жетекшілеріне вебинар өткізді.

Вебинарда Талдықорған қаласындағы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының география пәні мұғалімі Ғ.Бижанова қашықтан оқыту жағдайында география сабақтарында қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру жолдарына тоқталса,  №28 IT  мектеп-лицейінің   география пәні мұғалімі С.Оралбаева қашықтан оқытуда география пәні бойынша ББЖ және ТЖБ өткізу ерекшеліктерімен таныстырып, өз тәжірибелерін ұсынды. Вебинарға 54 педагог қатысты.