«Тәрбиенің өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық семинар-кеңес

«Тәрбиенің өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық семинар-кеңес

Ағымдағы жылдың 02 қазанында Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында  білім басқармасы «Тәрбиенің өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңесте  облыс бойынша тәрбие жұмысына талдау жасалып, балалар қауіпсіздігінің алдын алу мәселелері кеңінен талқыланып, ұйымдастырушылар тарапынан тәрбие бағыты бойынша ҚР нормативтік-құқықтық актілерде енгізілген өзгерістер мен толықтырулар таныстырылды.

Семинарда аудан, қала мамандарының есептері тыңдалды.