«Сабақты зерттеу: қазақстан мектептерінің тәжірибесі» облыстық ғылыми – тәжірибелік конференциясы

«Сабақты зерттеу: қазақстан мектептерінің тәжірибесі» облыстық ғылыми – тәжірибелік конференциясы

2020 жылдың 09 қазанында   «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Талдықорған қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен «Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысына Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының директоры Алуа Жанатаевна Қабдұлова облысымыздағы жетекші мектептермен педагогикалық тәжірибені жетілдіруге негізделген бірнеше жобалар жүзеге асырылып, мектептерде сабақты зерттеу жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын айтты.

Сабақты зерттеу және іс-әрекеттегі зерттеу үдерістерін жүргізуде облыстық әдістемелік орталығы Талдықорған қаласындағы ПШО филиалымен және физика-математикалық бағыттағы «НЗМ» бірлескен іс-шара жоспарын құрып, педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіруде бірлескен жұмыстар атқаруда.