
ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жыл бойы өтетін форматқа ауыстырылды.
Осы орайда, Аtamekenim.kz порталы туралы ақпарат білім беру ұйымдарының әлеуметтік желілерінде жарияланып, ата-аналарға порталға тіркелу керектігі туралы ақпараттар жеткізілді.
Мектепке жол акциясы аясында 2020 жылдың 9 айында (қаңтар-қыркүйек) облыс бойынша барлығы 38 933 балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар, мектеп формалары, техникалық құрал-жабдықтар, спорттық киім, аяқ киім, азық-түлікпен көмек көрсетілді.
Оның ішінде әлеуметтік жағынан осал отбасыларының 3373 баласына 38 млн. теңге көлемінде көмек (оның 9 350 000 жергілікті бюджеттен) Аtamekenim.kz порталы бойынша көрсетілді