«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың облыстық қашықтықтан байқауының қорытындысы

«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам»  инновациялық идеялардың облыстық қашықтықтан байқауының қорытындысы

Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми – тәжірибелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2020  жылғы 28 қыркүйек және 1 қазан күндері аралығында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың облыстық байқауы қашықтық  форматында ұйымдастырылып өткізілді.

Жарысқа келесі номинациялар бойынша жекелеген жұмыстар қабылданды:

1) Автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру: 1 орын - Крылов Никита, Қарасай ауданы, Абай ауылы, М. Ғабдуллина атындағы орта мектеп;

2) Өндіріс саласындағы техникалық құрастыру: 1 орын - Ибраш Ұлжан, Іле ауданы Екпінді ауылы, №48 орта мектеп;

3) Ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру: 1 орын - Жұмақан Нұрлан, Жамбыл ауданы, Жаңақұрылыс ауылы, А.Қарсақбаев атындағы орта мектеп;

4) Әскери техника саласындағы техникалық құрастыру: 1 орын - Серік Данияр Бахтиярұлы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, М.Мақатаев атындағы №13 орта мектебі;

5) Су көлік саласындағы техникалық құрастыру: 1 орын - Касымбеков Алдияр Сабитолы, Талғар ауданы, Жас техниктер станциясы;

6) Жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика саласындағы жобалар: 1 орын - Нүсіп Элдар Айдарұлы, Талдықорған қаласы, Жас техниктер станциясы;

7) Авиация саласындағы жобалар: 1 орын - Амангелдиева Айдана Габитовна, Талғар ауданы, Жас техниктер станциясы;

8) Космонавтика және аэрокосмос техникасы саласындағы жобалар: Турсынказыулы Еркебулан, Талдықорған қаласы, Жас техниктер станциясы.

Жеңімпаздар I, II, III дәрежедегі дипломдармен, ал жеңімпаздардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды. Облыстық байқаудың жеңімпаздары республикалық кезеңіне жолдама алады.