Жетім балалар мен ата анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге, қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын психологиялық даярлау курсы

Жетім балалар мен ата анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге, қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын психологиялық даярлау курсы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 24.04.2020 жылғы  №158 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары психологиялық даярлаудан өтуі тиіс.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарға  психологиялық даярлаудан өту курсы 3 ай,  аптасына 1 рет «Skype» қосымшасы арқылы онлайн режімінде «Айналайын», облыстық №1 балалар үйлерінде және Жаркент қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы   мектеп-интернатында өтеді. Балалар үйлерінің жауапты қызметкерлердің  байланыс телефондары:

- Талдықорған қаласындағы «Айналайын» балалар үйі: Әлеуметтік педагог - Оналбаева Назгүл Талгатқызы, психолог – Егинбаева Мөлдір Орныкбайқызы. 8(7282) 32-82-51, 30-23-22.

- Алматы қаласында орналасқан облыстық №1 балалар үйі:                      Әлеуметтік педагог - Кадырова Әсел Кадырқызы, психолог - Мендекулова Сәуле Алиппаевна. 8(7272) 69-62-40.

- Жаркент қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты:  Әлеуметтік педагог -  Рахимбаева Ұлтуар Даиркажиевна, психолог - Каримова Айман Кайрдиновна.  8(72831) 9-12-69.